ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ТУРИСТЕР ЕЛГЕ ҚОР ЕСЕБІНЕН ЖЕТКІЗІЛЕДІ

12:04, 26 наурыз 2020

Төтенше жағдай кезінде халықты азық түлік және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін қосымша 32 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Елде тек 4 өнімге импорттың үлесі жоғары. Олар қант, тұз, тауық еті мен сарымай. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импортына тәуелді емеспіз. Дүкендерде бағаны негізсіз өсіргендерге жаза қатаң. Ал кәсіпкерлер үшін салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Шағын және орта бизнес өкілдері міндетті төлемнен уақытша босатылады. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін тағы 72 мың кәсіпкер 10 пайыздық жеке табыс салығынан босатылады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 300 миллиард теңге қарастырылып, 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласынан бөлек, өзге аймақтардағы сауда, ойын-сауық орталықтары адамдары тек бетпердемен кіргізуге міндетті. Келушіде маска болмаған жағдай, тегін берілуге тиіс. Вирустан қорғану талаптары жазылған жаднама да таратылады, деді вице-премьер.  

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер министрінің орынбасары:

Медициналық бетперделерге келсек. Бұл Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін ескерткім келеді. Бүгінгі күнге Қазақстанда 365 мың маска шығарылады. Алдағы күндерде күніне 1 миллион данаға шейін жеткізуді нақты мақсат етіп қойдық. Оған жеткіземіз де.

Сондай-ақ, онлайн брифинг барысында Ералы Тоғжанов шетте жүрген 5 мыңнан астам қазақстандықтарды елге әкелу мәселесін де айтты. 23 наурызға дейін 18 рейс ұйымдастырылмақшы. Бұларды елге жеткізу бюджеттен емес арнайы қор есебінен жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...