ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ТӘЖІК-ҚЫРҒЫЗ ШЕКАРАСЫНДА ҚАҚТЫҒЫСТАН ОНДАҒАН АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

00:08, 3 мамыр 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп мәлімдеме жасады. Және де президент ресми Душанбе мен Бішкектің қарулы жанжалды тоқтатып, келіссөздерді бастау ниетіне қошемет білдірді. Екі ел шекарасындағы жағдайды Біріккен Ұлттар Ұйымы да алаңдаушылықпен бақылап отырғанын хабарлады. Соңғы мәліметке қарағанда, қақтығыс кезінде ондаған адам қаза тауып, жүздегені жараланып, 10 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Тәжікстанның Қырғызстанмен шекаралас Соғды облысының Исфара және Бободжон Гафуров ауданында қарулы қақтығыстан 90-нан астам адам жараланып, 10 шақты тәжікстандық қаза тапты. Мұны Азия-Плюс» агенттігі хабарлап отыр. Дегенмен, тәжік үкіметі құрбандар туралы ресми мәлімет әзірге жариялаған жоқ. Ал, Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жанжал кезінде республиканың 134 азаматы жараланып, 13-і мерт болған. Сонымен қатар, Баткен облысында 10 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тәжік-қырғыз шекарасындағы «Головной» деп аталатын су бөлетін пункт маңында қақтығыстар сәуірдің 28-де басталып, өткен түні де жалғасты. Тәжікстан шекарашыларының айтуынша, бұл кешенді қырғыздар жағы басып алған. Бірақ, ресми Бішкекке сенсек, ұрыстың басталуына тәжіктер тарапының «Су алабы» аумағына бейнебақылау камераларын орнатуы түрткі болды.
Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл жер дауы әлі ұзаққа созылып, Қазақстанның аймақтың интеграцияны нығайту тәрізді бастамаларына кері әсер етуі мүмкін.

Жұмабек Сарабеков, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

«Қақтығыстың қайнар көзі – аймақтағы территориялық мәселелердің айқындалмауы. Жақын арада бір механизмдер табылмаса, болашақта мұндай кикілжіңдер қайталана береді. Және де мұндай қақтығыстар интеграцияға кедергі жасайды. Сонымен қатар, ол сыртқы күштердің аймақта алауыздықты күшейтуіне мүмкіндік туғызып отыр».

Бейсенбі кешкісін екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізіп, жанжалды дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап өтті.
Тәжік дипломатиясының жетекшісі Сироджиддин Мухриддиннің ескертуінше, оның елі өзіне заң бойынша тиесілі жерді ешқашан өзгеге бермек емес.Содан кейін Тәжікстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Саймумин Ятимов пен Қырғызстанның Баткен облысының өкілі Өмірбек Суваналиев Исфарада кездесіп, жанжалды тоқтату туралы ортақ мәлімдемеге қол қойды. Қазір шекарадағы жағдай біршама тұрақталғанымен, шиеленіс біржола сейіле қойған жоқ. Әскери техника да, жауынгерлер де бөлімшелерге оралды. Бірақ, кейбір ақпарат құралдары атыс сирегенімен, әлі де жалғасып жатқанын хабарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ЛАЙЫҚТЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛМАЙ ОТЫР
21:14, 13 мамыр 2021
ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРҒА ЛАЙЫҚТЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
СЕНАТ ЕАЭО АЯСЫНДА АРМЕНИЯНЫҢ САУДА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
21:12, 13 мамыр 2021
СЕНАТ ЕАЭО АЯСЫНДА АРМЕНИЯНЫҢ САУДА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ Қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...