ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Сенат отырысында бірқатар заң қабылданды

11:42, 11 маусым 2021

Сенат әлеуметтік кәсіпкерлік және инклюзивті білім беру туралы заңдарды қабылдады. Әлеуметтік кәсіпкерлер аз қамтылған отбасылардан шыққан қызметкерлерін оқытып, біліктілігін арттырса, салықтық жеңілдікке ие болмақ.

Мемлекет әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарына инфрақұрылым тартып, оларға қаржылай, ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге міндеттеледі. Заңға сай өңдеу саласындағы жаңа кәсіпорындарға қосылған құн салығы 70 пайызға төмендеп, өңдеуші өнеркәсіп корпоративті табыс салығынан босатылады. Жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы  салық режимі енгізіледі

Мәулен Әшімбаев, ҚР парламенті сенатының төрағасы:

Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешуге, аз қамтылған азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау көрсетуге үнемі көңіл бөледі. Бұл тұрғыда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор. Бұл өзгерістер мен толықтыруларды Сенат депутаттары бастамашылық еткенін және дайындағанын ерекше атап өткен жөн. Отандық заңнамада алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлікке анықтама беріліп отыр.

Сенатта сондай ақ «Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Сала министрі Бағдат Мусин зымырандар Қостанай облысы  аумағында құлағаны үшін Ресей тарапы 460 мың доллар төлейтінін айтты. 3-6 тәулік аралығында адамдар мен малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құлау ауданына кіру жабылады. Қалған уақытта құлау ауданында жүруге және оны жайылым ретінде пайдалануға шектеу жоқ. Ведомство басшысы киік төлдейтін уақытта Байқоңырдан аталған зымырандардың ұшуына шектеу қойлатынын да еске салды. Яғни, сәуір мен маусым айлары аралығында тасымалдағыш зымырандар ұшырылмайды.

Тақырып бойынша материалдар

Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...
Премьер-министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті
20:46, 11 маусым 2021
Премьер-министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кезд...
Толығырақ...
Мемлекет басшысы 4 елшіден сенім грамотасын қабылдады
20:45, 11 маусым 2021
Мемлекет басшысы 4 елшіден сенім грамотасын қабылдады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...