
Көрнекі ақпараттарда қателер қаптап жүр. Өнім қаптамалары мен мекемелердің маңдайшасындағы сауатсыз жазбаларға қатысты 3 жарым мыңға жуық шағым түскен.
Бұдан былай хабарландыру тақтайшаларындағы жарнамаларда мемлекеттік тілді қолдану міндеттелуі мүмкін. Осы кемшілікті жою үшін мәжілісте тиісті заңға өзгерістер енгізілді. Бұл мемлекеттік және басқа да тілдерде деректемелерді орналастыру тәртібін құқықтық тұрғыдан реттейді. Сондай-ақ енді фильмдерді қазақ тіліне дұрыс аудармаған компаниялар прокаттау құжатынан айырылады.
Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:
Заңның бабы бойынша екі айға дейін прокаттау куәлігін тоқтатуға біздің құқығымыз бар. Мысалы, орфографиялық және басқа да мәтіндерді бұзып шығаратындай фильмдер болса жалпы куәлікті де алып қалуға да біздің құқығымыз бар.