ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

21:52, 15 қаңтар 2021

Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ президент алдағы сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазуды енгізуді жөн санайды.

Қазақстандағы реформалардың басты бағдары – саяси жаңғыру. Былтырғы саяси реформалардың алғашқы пакеті партияларға жаңа мүмкіндіктер беріп, Парламенттік оппозиция құруға бағытталған. Бұл жолғы сайлаудан кейін партиялар өзгемермесе де, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота бөлудің арқасында партиялардың құрамы жаңарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз осы жолєы сайлау науқаны карантин шектеулеріне қарамастан қаншалықты қызу өткеніне куә болдық. Кейбір партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өтуіне сәл ғана дауыс жетпей қалды. Олардың әрқайсысында белгілі бір саланы жетік меңгерген, білімді, білікті азаматтар да бар. Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері Парламентке тсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді. Олар заң шығару жұмысының сапасын арттыруға да себелі үлес қосары анық.

Ал алдағы сайлауда заң шығарушы органның жұмысын жандандыра түсуүїшін президент мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді ұсынды. Яғни, биыл «әттеген-ай» деп қалған партиялар мен олар үшін дауыс берген сайлаушыларда да жаңа үміт оты тұтануы тиіс.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Сондай-ақ, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізеді. Бұл бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Болашақта партия мүшелерінің тізімін және соған қатысты басқа да рәсімдерді онлайн форматта жасауға болады.

Ал азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету үшін президент сайлау бюллетеньдерінде «бәріне қарсымын» деген жазуды енгізу керек, - деді

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтыєын ресми көрсетудің өзі таѕдау емес пе?!
Халықаралық тәжірибеге сай тағы бір ұсыныс - «Жастардың даму индексін» енгізу. Президент депутаттарєа «жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде ресімдеуді тапсырып, қайырымдылық қызметін жүйелі қолдау мәселесін назарда ұстауды еске салды. Ал азаматтық белсенділікті арттыру үшін тағы бір маңызды қадам жасалмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті заңға қол қойдым. Сол арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттігін едәуір күшейттік. Енді, азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалады. Бұл – талқыланып жатқан «Қоєамдық бақылау туралы» заң. Біз онлайн-петиция институтын да заң жүзінде ресімдеуіміз керек. Бұл бастамалардыѕ мақсаты – мемлекет қызметінің тиімділігін арттыру, шешім қабылдауға азаматтық қоғамды тарту.

Адам құқығын қорғау саласын да жетілдіру қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде омбудсмен институты бар болғанымен, оның әлеуеті әлсіз екенін сынға алды. Сондықтан көпке созбай Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдап, бұл институтты, ең алдымен, өңірлерде дамытуды тапсырды. Өйткені аймқтардан шағым көп. Халықтың көңілінен шыұпайтын тағы бір сала – сот жүйесі. Президент оны да жаңєыртуға пәрмен берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мемлекет тарапынан қолға алынєан шараларєа жјне Жоғарғы сот төрағасының тікелей өзі күш салып жатқанына қарамастан, сот корпусының сапасына қатысты әлі де түйткілдер бар. Сот жүйесі жабық корпорация болмағєа тиіс. Сондықтан, сот корпусын едәуір жағартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олардың кәсіби тәжірибесімен қатар, жеке қасиеттерін де ескерген абзал. Бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында ашық көрсетілуге тиіс.


 

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
21:05, 4 наурыз 2021
АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
30 ШЕТЕЛДІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСІ ЖЕРГІЛІКТЕНЕДІ
21:01, 4 наурыз 2021
30 ШЕТЕЛДІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨНДІРІСІ ЖЕРГІЛІКТЕНЕДІ
Толығырақ...
 «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛДЫ» КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:56, 4 наурыз 2021
«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛДЫ» КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...