ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Президент: QAZVAC-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде

10:46, 2 қыркүйек 2021

Отандық «Казвак" екпесіне өзге мемлекеттер де сұраныс білдіріп жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына арналған Жолдауы барысында айтты.

«Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Қазақстан - коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екендігіне еш күмән жоқ, Қазір Казвакқа басқа елдер тарапынан да сұраныс бар», - деді  Президент. Сондай-ақ, ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет екендігін баса айтты. Яғни, мемлекет басшысының сөзінше алдағы уақытта коронавирустың жаңа штамдары шығуы әбден мүмкін. Біз барлық жағдайға қашанда дайын болуымыз керек.  Лайықты өмір сүріп, тоқатамай әрі қарай да дамуға бейімделуіміз керек, - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Тақырып бойынша материалдар

Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
09:41, 21 қазан 2021
Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...