ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

10:07, 12 мамыр 2020

Елімізде Төтенше жағдай режимі аяқталды. Десе де індет өршіп тұрған өңірлерде карантин жалғаса береді. Бүгін мемлекеттік комиссияның қорытынды жиынын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатынын айтты. Сондай-ақ, елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жетті бағытты да айқындап берді.

Мемлекеттік комиссияның бүгінгі отырысын жұрттың асыға күткені анық. Өйткені 11-мамырдан кейінгі карантинге қатысты шешімді президенттің осы жиында жариялайтыны айтылған. Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимі бүгін аяқталғанымен, карантиндік шектеулердің әлі сақталатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады.

Яғни блок-бекеттер бірден алына салмайды. Барлығы коронавирустың таралуына байланысты. Азайған сайын, шектеулер алына береді. Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Қазірдің өзінде 1 миллионнан астам азамат жұмысқа шықты деді президент. Ендігі міндет - дағдарыстан шығу. Сондықтан Төтенше жағдай жөніндегі комиссия бұдан былай Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі комиссия болып қайта құрылмақ. Өйткені коронавирус әлемдік экономикаға ауыр соққы болды. Тіпті жер-жаһанда 400 миллионнан астам кәсіпорын бонкрот болудың алдында тұр. Еліміз бұған жол бермей, керісінше бизнесті қолдауы керек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Осындай жағдайға қарамастан, еліміз бірқатар басымдыққа ие болып отырғанын айтқым келеді. Бізде қаржы резерві жеткілікті және мемлекет қарызының көлемі мүмкіндігімізге орайлас.Ең бастысы, біз жаңа ахуал жағдайында жұмыспен қамтамасыз ету және экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды қайда жұмсау керектігін білеміз.

Әсіресе өңдеуші өнеркәсіп пен ауылшаруашылығына ерекше мән беріп, экономиканың жаңа жүйесін құруымыз керек деді Тоқаев. Әлеуметтік сала да назардан тыс қалмауы керек. Қазірдің өзінде 2 миллион адамның несиесі шегеріліп, 5 миллионға жуық азамат 42500 теңге алды. Айтпақшы осы жәрдемақыны алу үшін 2651 теңге көлемінде біріңғай жиынтық төлем төлегендер енді қайдатан «көлеңкеде» қалып қоймауы керек- деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Әлеуметтік төлемді алған азаматтардың 40 пайызы – біріңғай жиынтық төлемді бірінші рет төлегендер. Бұл шынында да мемлекеттік көмекке мұқтаж азаматтар. Оларды экономикаға барынша тарту керек. Бұл адамдар қайтадан «көлеңкеге» кетіп, өз проблемасымен бетпе-бет қалуының алдын алу керек.

Жұртты қол жетімді баспанамен қамтуға да ерекше мән беріледі. Президент осы бағытта «7-20-25» секілді «5-10-20» деп аталатын жаңа тұрғын үй бағдарламасын құруды тапсырды. Оның шарттары әлдеқайда тиімді болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырамын. Бұл бағытта 390 миллиард теңге бөлінеді. Биыл елде рекордық деңгейдегі – 15 млн шаршы метр пәтер салынады.

Ал баспана нарығындағы осындай міндеттерді сәтті жүзеге асыру үшін жыл соңына дейін «Отбасы банк» институты құрылады.  «Тұрғын үй жинақ банкі» негізінде пайда болатын орталық тұрғын үйді бөліп беру, есеп жүргізу секілді жұмыстарды орындайды. Сондай-ақ, зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін баспанаға жұмсауға қатысты президенттің тапсырмасын Үкімет шұғыл түрде бір жақты қылуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мен бұрын мұндай тапсырма бергенмін. Бірақ ТЖ режиміне байланысты бұл жұмысты талқылау созылып кетті. Шешім қабылдайтын уақыт жетті. Үкімет 1 шілдеге дейін өз амал-әдістерін айқындауы керек.

Төтенше жағдайдан кейін етек-жеңімізді жинап қана қоймай, коронавирустың екінші кезеңіне дайын болуымыз керек. Сол үшін президент биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

COVID-19 және соған ұқсас вирустар бір реттік құбылыс емес сияқты. Сондықтан бізге практикалық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге ғылыми көзқарас тұрғысынан да үнемі дайын болу қажет. Үкіметке беделді ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрғаны жөн.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің мәселесіне де тоқталды. Айтуынша күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңасы салынады.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...