ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Президент Катар сыртқы істер министрін қабылдады

11:35, 11 маусым 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық қарым-қатынасты талқылады. Катар басшысының Қазақстанға жоспарланған сапарында бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде уағдаластық жасалды. Қатарлық мейман коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының әзірленуіне байланысты Катар басшысының құттықтауын жеткізіп, осы мәселе бойынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Катар Әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, ірі жобаларды бірлесе атқаруға, экономика саласындағы байланысты нығайтуға келіскенбіз. Сіздің бұл сапарыңыздың маңызы өте зор. Келешекте біз өзара ынтымақтастық бағытында үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Тақырып бойынша материалдар

Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...
Премьер-министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті
20:46, 11 маусым 2021
Премьер-министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кезд...
Толығырақ...
Мемлекет басшысы 4 елшіден сенім грамотасын қабылдады
20:45, 11 маусым 2021
Мемлекет басшысы 4 елшіден сенім грамотасын қабылдады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...