
Мемлекет басшысы Ақордада Каспи банкінің негізін қалаған Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Жақында қаржы ұйымы Лондонның қор биржасына сәтті шықты.
Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын да арттырды дейді банкирлер. Кездесу барысында онлайн төлемнің аясын кеңейту, цифрландыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға компанияның қатысу жайы талқыланды. Мемлекеттік мекемелер мен Каспи банктің бірлескен жұмыстарының басым бағыттары белгіленді.