ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

22:03, 24 қыркүйек 2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті. Мәжіліс спикері Қазақстанға ресми сапармен келген әріптесімен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесі әрі сенімді одақтасы. Кездесуде Нұрлан Нығматулин Палата депутаттарының заң шығару қызметі туралы айтты. Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Келіссөздер барысында  Ауған мәселелері тұрғысынан өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қалпына келтірудің және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
09:41, 21 қазан 2021
Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...