ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Отандық тауар биржалары екі деңгейлі жүйеге көшеді

22:05, 24 қараша 2021

Еліміздегі тауар биржалары екі деңгейлі жүйеге көшеді. Бұл қадам биржалық сауданы жетілдіруге және дамытуға серпін береді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы салада қандай өзгерістер болатыны талқыланды.

Қазіргі таңда елімізде 19 тауар биржасы бар. 2009 жылдан бері биржалық келісімдер саны 50 есеге өсті. Дегенмен, осы саланы одан әрі дамытып, заңнамасын халықаралық стандарттарға сай ету керек. Сондықтан, сауда және интеграция министрлігі бірінші кезекте тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ,  биржалық сауданың Бірыңғай қағидаларын бекіту көзделген. Министрлік әзірлеген Заң жобасында биржадағы келісімдерді сақтандыру мәселесі де қарастырылған.

Бақыт Сұлтанов, ҚР сауда және интеграция министрі:

Тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізу ұсынылады. Бірінші деңгей, сауда-саттықты биржалық тауарлармен жүзеге асыратын тауар биржалары үшін жарғылық капиталды 700 мың еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделген. Екінші деңгей, стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты жүзеге асыратын тауар биржалары үшін талаптар бұрынғы деңгейде қалады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекет басшысының Бельгия корольдігіне ресми сапары
20:33, 26 қараша 2021
Мемлекет басшысының Бельгия корольдігіне ресми сапары
Толығырақ...
«Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» атты конференция
09:55, 23 қараша 2021
«Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» атты конференция
Толығырақ...
Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланды
08:44, 18 қараша 2021
Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...