ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Өлім жазасына қатысты заң жобасы мақұлданды

09:18, 14 қазан 2021

Қылмыстық кодекстің он үш бабынан өлім жазасы алынып тасталады. Бүгін Мәжіліс тиісті өзгерістер енгізілген заңды қабылдады. Қазақстанда өлім жазасына 2003 жылы желтоқсанда мораторий енгізілген болатын. Бұл шешім өлім жазасын толық жойған кезге дейін қолданылады.

Биыл жыл басында өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге екінші  факультативтік хаттама ратификацияланған. Хаттама өлім жазасын жою үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттейді, бірақ ескерту жасалған жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстан осыны пайдаланып, ратификациялау кезінде тиісті ескерту жасады. Яғни, қылмыстық кодекстің 13 бабынан өлім жазасын алып тастап, тек 4 бабында ғана қалдырды. Енді Қазақстанда  өлім жазасы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады. Бүгін Бас прокуратура әзірлеген заң жобасы Мәжілісте бірінше оқылымда мақұлданды. 

Әсет Шындалиев ҚР бас прокурорының орынбасары:

Соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар ретінде өлім жазасын қолдану шектері бекітіледі.Қылмыстық кодекстің төрт бабында осы жаза сақталады. Атап айтсақ, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар.  Бұл қылмыстар соғыс әрекеттерімен байланысты болуы тиіс және соғыс кезінде жасалуы қажет.

Тақырып бойынша материалдар

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
20:17, 29 желтоқсан 2021
Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
Толығырақ...
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
20:27, 23 желтоқсан 2021
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...