ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

НЕГІЗГІ САЛАЛАРДА ӨСІМ БАР

14:55, 17 ақпан 2021

Биыл қаңтарда экономиканың базалық салаларындағы көрсеткіштер жақсара бастады. Өңдеу өнеркәсібінде 3 пайыз өсім бар. Машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, құрылыс пен ауылшаруашылығы бағытында да көрсеткіш жоғары.

Тек тау-кен секторы – ұлттық экономиканың бәсеңдеуіне себеп болды,-дейді Үкімет басшысы. Бұл Қазақстанның ОПЕК+ келісіміне сәйкес мұнай өндіруді қысқарту міндетін орындауға байланысты. Сондықтан қара алтын игеру 12,3 пайызға төмендеген. Үкімет отырысында премьер-министр өңір басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.   

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Министрліктер мен әкімдіктер жұмысты жандандырып, тиісті шаралар қабылдап, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді нақты орындауы қажет.


ӨҢІРЛЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ РЕЙТИНГІ ЖАСАЛАДЫ


Бұдан былай өңірлердің инвестициялық рейтингі жасалады. Бұл соған жауапты облыс әкімдері орынбасарларының негізгі міндеті. Қайткенде де ел экономикасына қаржы тарту көлемін арттыру керек. Сондай-ақ Асқар Мамин өзінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб құруды тапсырды. Оның отырысын апта сайын өткізу керектігін шегеледі.

Тақырып бойынша материалдар

АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ОТЫР
22:19, 25 ақпан 2021
АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМА...
Толығырақ...
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ
22:17, 25 ақпан 2021
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...