ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ТЕТІКТЕРІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

21:03, 1 ақпан 2021

І-топтағы мүгедектерді күтетіндерге жәрдемақы енгізу қажет. Бұл шамамен 24 мыңға жуық адам. Мәжілістің әлеуметтік мәдени-даму комитеті тиісті заң жобасын талқылады.

Құжатқа сәйкес, сырқаттың ауырлығына қарай балаларға мемлекеттік төлемді сараланған түрде тағайындау көзделген. Бұл ретте, жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін көбейеді. Мемлекеттік қолдау 31 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды. 

Серік Шәпкенов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Мүгедек баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту, бұрын мүгедек баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілген. Бұл норма мүгедек балалардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Бұдан басқа, ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.

Заңдағы тағы бір жаңалық мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де тұрғын үй кезегін сақтап қалады. Бұл нормаға 20 мың отбасы ілігеді. Заң мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың тұрмысын жақсарту жөніндегі 2025-жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау шеңберінде әзірленіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
12:33, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:30, 14 сәуір 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
12:27, 14 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...