ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мемлекет басшысының Бельгия корольдігіне ресми сапары

20:33, 26 қараша 2021

Қазақстан мен Бельгия ауыл шаруашылығы және фармацевтика салаларында жаңа жобаларды жүзеге асырмақ. Қос ел мұндай келісімге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары барысында келді. Мемлекет басшысы Бельгия Королі, премьер-министрі және Еуропалық кеңес президентімен келіссөздер жүргізді. Ал бүгін еуропаның ірі компаниялары басшыларымен және Еуропалық комиссия төрағасымен кездеседі.

Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға алғашқы ресми сапары. Жалпы, пандемия басталғалы Еуропаға жол енді түсіп отыр. Бұған дейін президент 2019 жылы Германияда болған. Енді, міне, ресми Брюссель құрмет көрсетіп, қазақ басшысын қарсы алып жатыр.

Бельгия королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевты өзінің сарайында қабылдады. Кездесуде саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемалар жөнінде пікір алмасты. Бельгия – Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша алтыншы орындағы мемлекет. Ең ірі компаниялар мұнай-газ саласының инфрақұрылымы, машина жасау, су тазарту сынды бағыттар бойынша жұмыс істейді. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия премьер-министрі Александр Де Кроомен келіссөздер кезінде сауда-экономикалық байланысқа басымдық берді. Сондай-ақ кездесуде коронавирусқа қарсы күрес мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев QazBioPharm ұлттық холдингі мен жақында құрылған бельгиялық биофармацевтикалық платформа арасында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Ал Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишельмен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қатынасты дамытуға басымдық берді. Жаһанды алаңдатқан Ауғанстандағы қауіпсіздік, Орталық Азиядағы су ресурстары да сөз болды. Қазақ басшысы аймақтағы мемлекеттердің гидроэнергетика, ирригация және қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды мүдделерін теңестіру үшін Халықаралық су-энергетикалық консорциум құру керек деді. Ал ЕуроОдақ жүзеге асырып жатқан еуропалық «жасыл келісім» атты жаңа экологиялық даму жоспары бойынша серіктестікке дайын екенін мәлімдеді.

Люк Девинь, Еуропа сыртқы байланыстары қызметі Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарма директорының орынбасары:

Пандемиядан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіру туралы сөз қозғанда тұрақты түрде дамуға басымдық беріледі. Бұл орайда Глазгода өткен БҰҰ-ның климат бойынша конференциясында Қазақстанның өзіне жүктеген міндеттерін жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстанның дербес өз «жасыл келісімін» жасауға бел буғанын да құптаймыз. Осылайша, Қазақстан климаттың өзгеруіне қатысты проблемаларға бей-жай қарамайтынын көрсетіп отыр.

Президент сапары аясында ауыл шаруашылығы саласы бойынша жаңа келісімге қол қойылмақ. Қазақстандық «ОлжаАгро» компаниясы бельгиялық әріптестерімен бірлесіп, зығыр майын өндіруге мүдделі. Бұған дейін Бельгия зығырды Қазақстаннан сатып алып, өздерінде өңдеп, кейін Қытайға тасымалдайтын. Енді көп ұзамай ондай зауыт біздің елде ашылып, бірден көршімізге жіберіліп тұрмақ. Демек, Бельгия Қазақстан үшін Еуропаға жол ашса, Қазақстан Еуропаны Азиямен байланыстыратын көпір болады.

Тақырып бойынша материалдар

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
20:17, 29 желтоқсан 2021
Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
Толығырақ...
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
20:27, 23 желтоқсан 2021
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...