
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жаңадан тағайындалған арнаулы өкілі Ержан Қазыхановпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы осы жаңа лауазымның бекітілуі жаһандық және өңірлік күн тәртібінің жылдам өзгеруі кезінде халықаралық ынтымақтастық мәселесіне ел басшылығы тарапынан ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Президент Арнаулы өкіл қызметінің басты басымдықтары ретінде пандемеяның ауыр салдарын еңсеру, ұлттық экономиканы және әлеуметтік саланы жедел қалпына келтіру мақсатында сыртқы ресурстарды тарту үшін шетелдік әріптестермен тығыз байланыстарды арттыру қажеттігіне тоқтады. Сонымен қатар Ержан Қазыхановқа гуманитарлық сала, климат дипломатиясы, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету сияқты халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды міндеттер жүктелді.