ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мемлекет басшысы еліміздің паралимпиада құрамасын қабылдады

23:53, 30 шілде 2021

Мемлекет басшысы Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысатын ел құрамасын қабылдап, оларға сәттілік тіледі.

Биылғы жарыс 24-тамыз бен 5-қыркүйек аралығында өтеді. Сайысқа еліміздің атынан 25 спортшы қатысады. Олар спорттың 7 түрінен ел намысын қорғамақ. Айта кетейік, бұл Қазақстан спортшылары қатысатын алтыншы Паралимпиада ойыны болмақ. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғау мәртебелі міндет, әрі үлкен абырой. Әлемдегі жүз мыңдаған спортшылардың арасынан үздік шығып, осы ойындарға жолдама алу, екінің бірінң қолынан келе бермейді. Сіздер бұған табандылық пен кәсіби дайындықтын арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер.

Қазір Қазақстанда Паралимпиадашыларға қолдау ерекше. Ел бойынша 20 мыңнан астам спортшы бар. Олардың 500-ден астамы ұлттық құрама мүшесі. Бұл спортты дамыту үшін  өңірлерде 16 арнайы клубтар мен мектептер жұмыс істеп жатыр. 2008 жылы Елордада паралимпаиадаға арналған жаттығу орталығы да ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Заман талабына сай жапдықталған мұндай орталық АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен қатар, біздің Елордамызда да бар. Спорт саласы барлық азаматымыз үшін бірдей қолжетімді болуы тиіс. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мемлекет міндеті екенні бас айтқым келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отырысы өтті
01:44, 17 қыркүйек 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия отыр...
Толығырақ...
Патогенді биологиялық нысандар ескертусіз тексерілуі мүмкін
01:41, 17 қыркүйек 2021
Патогенді биологиялық нысандар ескертусіз тексерілуі мүмкін
Толығырақ...
Елбасы «Назарбаев Университетінің» Президенті Шигео Катсуды қабылдады
01:35, 17 қыркүйек 2021
Елбасы «Назарбаев Университетінің» Президенті Шигео Катсуды...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...