ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ

15:28, 1 сәуір 2020

Қазақстанда короновирустан тағы бір науқас көз жұмды. Қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзінше, ажал құшқан азаматтың жасы 50-де болған.

Вирустың белгілері байқалған соң 21 наурыз күні оны жедел медициналық жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызады. Алайда, ауруы асқынғандықтан, ақ халаттылар науқастың өміріне араша түсе алмады. Мамандардың айтуынша, ол бір ай бойы ауырып жүрсе де медициналық көмекке мүлдем жүгінбеген. 

Сәуле Қисықова – Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Сонымен қатар, отбасындағы екі адамнан коронавирустық инфекция тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін COVID – 19 вирусынан Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған болатын.  Осымен қауіпті індет жұқтырып, бақилық болғандар саны екі адамға жетті. Осы вирус салдарынан қаза болған азаматтарды жерлеу рәсіміне қатысты жұрт арасында түрлі қауесеттер таралған еді. Істің ақ қарасын ажырату үшін бұған Алматы қаласының бас санитары былай деп жауап берді.

Айзат Молдағасымова, Алматы қаласының тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі:

Коронавирустан көз жұмған азаматтардың денесі ашылмайды. Залалсыздандырылады. Артынша оған арнайы қорғаныс құралы кигізіледі. Барлығы да аса қауіпті инфекциядан қорғаныс талаптарына сәйкес жүзеге асады. Мұндай санатқа жататын тұрғындар қала сыртындағы арнайы полигонда жерленеді. Полигонның жанында ешқандай елді-мекен жоқ. Қаладан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан. Кремация жасалмайды.

Бұл мәселеге қатысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне де сауал жолдап едік. Мынадай жауап алдық.

Дархан Тұрлыбеков - Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Бүгінгі қайтыс болған адам Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында Көкшетау автотранспорттық жолының 12-ші километрындағы мәйітханаға жерленіп жатыр. Мәйітті жуу процесі жүреді. Ол жерге 3 адамнан артық қатыспайды. Олардың бәрі жеке қауіпсіздік құралымен қамтамасыз етіледі. Ол бізде су өткізбейтін халат, көзілдірік, маска, қолғап және де басқа да жеке құралын сақтайтын заттар.

Жерлеу рәсіміне бір ғана дін қызметкерінің қатысуына рұқсат беріледі. Сақтық шараларын қамтамасыз ету үшін рәсімге жалпы 5-7 адамнан артық қатысуына жол берілмейді. Олардың барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес арнайы киіммен қамтылады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
15:22, 22 мамыр 2020
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...