ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

11:21, 30 наурыз 2020

Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылының тұрғыны.

Марқұмның өліміне қант диабеті мен тыныс алу жолдарының тарылуы себеп болған. Ал өкпе дертіне коронавирус індеті әкеп соқтырған. 25 наурыз күні таңғы 7-де жағдайы нашарлаған науқас жедел жәрдеммен Ақмола облына қарасты № 2 көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ол медициналық мекеме Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Кеше таңертең азаматша  қайтыс болған. Мамандар зейнеткердің 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болғанын айтады. Ал дәл қазір марқұм жатқан аурухана карантинге алынды. Отбасы мүшелері де оқшауланды. 

Серік Омарханов, Ақмола облысы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Қайтыс болған азаматшамен байланыста болғандар анықталып оқшауланды.  Олардың барлығына медициналдық  тексеру жүргізіледі. Бүгін марқұмды ң жерлеу рәсімінен кейін ол үй толығымен залалсыздандырылады. Оны Ұлттық сараптама орталығы жасайды.

Ал марқұмды  қалай жерлеу керектігі туралы бүгін кешке немесе ертең таңертең   еліміздің бас санитарлық дәрігерінің ресми қаулысы шығады. Ол жерде қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан санитарлық талаптарды орындау қажеттілігі туралы имамдар мен шіркеу қызметкерлер тиісті ескертулер әзірледі.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
15:22, 22 мамыр 2020
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...