ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«КОРОНАВИРУС ДАУЫЛЫ» ОЙРАНДАП ТҰР

11:59, 5 мамыр 2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдап, коронавирустан қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Мемлекет басшысы індеттің өршуіне байланысты Қазақстан халқы бұл елге көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Үндістандағы эпид ахуал күн санап ушығып барады. Бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асып, жаңа әлемдік антирекордқа жетті.

Үндістанда коронавирустың мутацияланған түрлері жылдам таралып жатыр. Бұл науқастардың күрт көбеюіне себеп болды. Елдің денсаулық сақтау жүйесі мұндай өзгерістерге дайын болмай шықты. Ауруханаларда орын жоқ. Медициналық заттар мен оттегі тапшы.

Атик, жергілікті тұрғын:

Дәрігерлер өкпені жасанды желдету аппараты жоқ болғандықтан, анамды ауруханадан шығарды. Жабдықты алу үшін осы жерге келдім. Кезекте тұрғаныма бір сағат болды. Анам тыныс ала алмай қиналып жатыр. Шарасыздың күйін кешудеміз.

Жедел жәрдем көліктерімен емдеу мекемесіне жеткізілген науқастар  кезек күтуге мәжбүр. Көмек көрсетілгенге дейін көлік ішінде жатып  көз жұмған адамдарда есеп жоқ. Күніне 3 жарым мыңдай тұрғын ажал құшып жатыр. Эпид жағдайдың ауырлығына қарамастан, ел билігі оқшаулау режимін енгізбей отыр.
Мона Десай, дәрігер:

Егер үкімет шектеулерді күшейтіп, карантин жариялағанда мұндай жағдай болмас еді. Адамдар санитарлық талаптарды сақтамайды. Көпшілік орындарда топтанып жиналу әлі де тыйылмай тұр.      

Індеттің жаңа толқынына тосқауыл қою мақсатында, көптеген елдер Үндістанмен әуе қатынасына тыйым салды. АҚШ, Ұлыбритания, Германия сияқты мемлекеттер елге тонналап медициналық құрал-жабдықтар, оттегі концентраттары мен екпе жіберіп жатыр. Вакцинаны 18 жастан асқандардың барлығына салуға рұқсат берілді. Ауқымды науқан үшін мектеп ғимараттары да қолданыла бастаған.

Сумия Сваминатан, ДДСҰ бас ғалымы:

Үндістанда шығарылып жатқан вакцина мөлшері жеткіліксіз. Сондықтан Еуропа елдері, Америка AstraZeneca вакцинасымен бөлісетіндерін хабарлады. Бұдан бөлек Модерна екпесін жөнелту үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Үндістанда «ковидке» шалдыққандардың жалпы саны 20 миллионнан асты. Алайда, мамандар көрсеткіштер әлдеқайда жоғары болуы ықтимал дейді. Себебі халық тығыз қоныстанған елді мекендерде бақылау жүргізу мүмкін болмай тұр.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ТҰРАҚТЫ ӨСУ ЖОЛЫНА ТҮСТІ
12:19, 13 мамыр 2021
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ ТҰРАҚТЫ ӨСУ ЖОЛЫНА ТҮСТІ
Толығырақ...
МӘЖІЛІС «СОЮЗ-2» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫН ҰШЫРУ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
10:41, 13 мамыр 2021
МӘЖІЛІС «СОЮЗ-2» ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫН ҰШЫРУ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРМЕН БАРДЫ
14:43, 12 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРМЕН БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...