ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді

20:48, 11 маусым 2021

«Биыл инфляция деңгейі 7,2 пайызға жетті. Оның ішіндегі азық-түліктің алатын үлесі 9,3 пайыз». Осылай деген сенатор Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы министріне мемлекет реттейтін азық-түліктердің тізімін қайта қарап, оны кеңейтуді ұсынды.

Ресейде әлеуметтік маңызы бар азықтар тізіміне Ресей 24, Беларуста 28 түрі енген. Ал, бізде ол тізім 19 түрлі азық-түлікпен шектелген. Бұл тізімде еттің, көкөністің, жарманың кейбір түрі жоқ. Ал, жеміс-жидекпен балалар тағамы бұл тізімге мүлде енбеген. 

 

 Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:

Ресей, Украинада бізге тән емес тағам түрі бар.  Мсыалы Ресейде шошқа еті, кептірілген балық еті. Мысалы Беларуста көкөніс жоқ. Ал, біз де бар. Бірақ, сіздің ұсынысыңызды мен өзім қолдаймын!

 

 Ақылбек Күрішбаев, ҚР парламенті сенатының депутаты:

Менің айтып отырғаным шошқаның еті емес. Қой, жылқы еті реттелмейді. Алма жоқ. Жеміс-жидек жоқ толықтай. Жарманың небір түрі жоқ. Реттелмейді мемлекеттен. Одан кейін балалардың тағым. Бұл да маңызды бағыт қой.

 

Сенаторлар көктем емес жаз ішінде қынадай қырылып жатқан жылқы басына қатысты мәселе министрге төтесінен қойды. Қызылорда мен Маңғыстау өңіріндегі шаруалар түрлі мессенджерлер жылу жинап, еліміздің түкпір-түкпірінен жем-шөп жинап жүргенін айтты. Салаға жауапты министрліктің сылбыр қимылын сынға алды.

Тақырып бойынша материалдар

Премьер-министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кездесті
20:46, 11 маусым 2021
Премьер-министр БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрімен кезд...
Толығырақ...
Мемлекет басшысы 4 елшіден сенім грамотасын қабылдады
20:45, 11 маусым 2021
Мемлекет басшысы 4 елшіден сенім грамотасын қабылдады
Толығырақ...
Сенат отырысында бірқатар заң қабылданды
11:42, 11 маусым 2021
Сенат отырысында бірқатар заң қабылданды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...