
Президент Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті де қабылдады. Мемлекет басшысы елордаға сапармен келген Иран дипломатына ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы байланыстардың маңызын атап өтті.
Сыртқы істер министрі Иран Президенті Хасан Руханидің сәлемін жеткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.