ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқыланды

08:44, 18 қараша 2021

Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл мәселе бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланып, екі елдің Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім ратификацияланды. Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе рейстерін 2025 жылдан бастап ашу жоспарланып отыр.

Оған дейін біздің жақтан таңдалған әуе компаниялар авиа қауіпсіздік сертификаты  және  ұзаққа ұша алатын самолеттер алу мәселесін шешу керек.  Соңғы 2-3 жылдағы статистика бойынша, жыл сайын Америка Құрама Штаттарына Қазақстаннан 160 мыңнан астам барып қайтады. Ал енді тікелей әуе рейстер ашылса жолаушыларға ақша мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік туады. Екі ел арасында туризм дамып, сауда-саттық деңгейі де тың серпін алады. Бұл ел тарихындағы алғашқы ашық аспан режиміндегі келісім. 

 

Бейбіт Атамқұлов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Яғни, кез-келген қазақстандық әуе компаниясы үшінші елдерге жолаушыларды жеткізу және әкелу құқығымен,  Қазақстанның кез-келген қаласынан АҚШ-тың кез-келген қаласына рейстер бойынша шексіз санмен жолаушылар тасымалын, сондай-ақ, АҚШ пунктері мен кез—келген пунктер арасында жүк тасымалын орындай алады.

Тақырып бойынша материалдар

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
20:17, 29 желтоқсан 2021
Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
Толығырақ...
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
20:27, 23 желтоқсан 2021
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...