ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚАТАҢ ШАРА ЕНГІЗІЛЕДІ

10:13, 30 наурыз 2020

Бұдан былай ас-су іздеп, ауырып қалмасаңыз беймезгіл көшеге шыға алмайсыз.

Кез-келген уақытта құқық қорғаушылар сізден жөн сұрайды. Егер ерігіп жүргеніңіз анықталса, қалтаңыздан қағыласыз. Екінші рет көзге іліксеңіз қамаласыз.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Саябақтар мен аллеяларда патруль жүргізіледі. Азаматтар үй жануарларын тұрғын үй маңында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шықса, алдымен ескерту жасалады, одан кейін 26 жарым мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Одан бөлек, ТЖ кезеңіне билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шығарған шешіміне сай: азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектеледі. Халық көп жиналатын орындар: атап айтқанда саябақ, жаяу жүретін көше, жағалау, ойын алаңдары және тағы басқа орындар жабылады. Қоғамдық көлік жұмысы шектеледі. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасуға болмайды. Кәмелеттік жасқа толмағандар үлкендерсіз сыртта жүре алмайды. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бүгін түнгі 12-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуға болады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, әдетте, тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан, полиция қызметкерлері тұрғындардың қажетті затын сатып алып, үйге қайтқанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет.

Министр 30 наурыздан бастап мекемелердің басым көпшілігінің жұмысын тоқтататынын жеткізді. Ал қызметін тоқтатуға келмейтін мекеме жұмыскерлері өзін  жұмысқа шақырғанын дәлелдеуі керек. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясына айтамыз. Қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасауға жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистер өздерімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма анықтамасы болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерінің телефон нөмірі болған жөн.

Министр сондай-ақ, алдағы уақытта дәрігерлерге көмек беру шараларының ширайтынын да жеткізді. Себебі жұқпалы індет күн сайын тарап, науқастар саны артып барады. Өмірін қатерге тігіп, дертті жұқтырғандармен  тікелей байланыста жүрген ақ халаттыларға кез-келген көмект артық емес. Бұған дейін Президент те дәрігерлерге жауапты органдарға сыйақы беруді тапсырған.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
10:00, 25 мамыр 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР А.МАМИННІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
15:24, 22 мамыр 2020
ӘСКЕРИ АРСЕНАЛДАР МЕН БАЗАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
15:22, 22 мамыр 2020
СЕНАТ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...