ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімімен телефон арқылы есебін тыңдады

20:55, 21 шілде 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімімен телефон арқылы сөйлесіп, есебін тыңдады.Серікбай Трұмов коронавируспен күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Сондай ақ төрт түлікті жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде айтты. Президент аймақта вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды. Және өндіріс орындары мен мұнай кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді міндеттеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қуаңшылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетуді тапсырды.

Бүгін сондай ақ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да телефон арқылы Мемлекет басшысына есеп берді. Сыр өңірінде вакцина салдыруға тиісті тұрғындардың 52 пайызы екпе алған. Қасым-Жомарт Тоқаев  вакциналауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, мұнай-газ саласындағы проблемаларды шешу үшін кешенді амал қарастыруды тапсырды. Аймақтағы қуаңшылықтан зиян шеккен шаруашылықтарға жем-шөп жеткізу күн тәртібіндегі негізгі мәселе екенін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
21:06, 3 тамыз 2021
Өңірлерде эпидемиологиялық жағдай күрделі
Толығырақ...
Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейі жоғарылады
21:02, 3 тамыз 2021
Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік деңгейі жоғарылады
Толығырақ...
Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады
20:59, 3 тамыз 2021
Президент Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...