ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Карантиндік шектеулер жеңілдейді

10:14, 20 қазан 2021

Ертеңнен бастап, карантиндік шектеулер жеңілдейді. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Елде эпид жағдай тұрақталып келеді, вакцинацияға жататын контингенттің 70%-дан астамы екпемен қамтылған.

Осыларды ескере отырып ведомствоаралық комиссия тиісті шешім қабылдады. Вакцинация паспорты бар азаматтар қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік нысандарға кіре алады. Сондай-ақ, түнгі клубтарға тек «жасыл» мәртебесі бар адамдардың баруына рұқсат. Ойын-сауық орталықтарында адам саны 50%-дан аспауы шарт. «Жасыл аймақта» 100 адам, «сары аймақта» 70 адам жиналуына рұқсат. 

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Ауыр науқастар саны азайды. Дегенмен, 6 өңір әлі де «қызыл аймақта». Бұл – Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қазір біздің алдымыздағы міндет – 60% ұжымдық иммунитетке қол жеткізу.

Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Бәйтерек» холдингі және әкімдіктермен бірге агроөнеркәсіп кешенін тұрақты қаржыландыруды, жоспарланған барлық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет басшысы  «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыру ұдайы назарда екенін ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
20:17, 29 желтоқсан 2021
Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
Толығырақ...
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
20:27, 23 желтоқсан 2021
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...