ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

19:57, 4 тамыз 2020

Қазақстанда COVID-19-күресуде оң динамика байқалуда. 4 апталық карантин кезінде – ауруханалардағы төсек-орындар саны азайып, жазылып шыққандар саны 69, пайызды құрады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық отырыста – эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде өткен аптамен салыстырғанда тіркелген жағдайлар саны 18 пайызға төмендеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының тәуліктік өсуі 1,2 пайыздан аспайды. Және бұл көрсеткіш әрі қарай төмендеуде. 

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

4 апталық карантин кезінде мынадай нәтижеге қол жеткізілді: төсек-орынның босауы 55 пайыз болды. Оның ішінде реанимациялық төсек-орындар 36 пайызға қысқарды. Жазылып шыққандар саны 69,4 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру, оның ішінде коронавирусқа байланысты шақыртулар 40 пайызға азайды.

Қатаң шаралардың арқасында осылайша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Инфекцияның репродуктивтік деңгейінің 1-ден төмен болуы – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары мен Нұрсұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген. Үкімет басшысы осы өңірлердің әкімдеріне эпидемияға қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

Бұл өңірлердің жаңдайы күрделі. Және әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек.

Вирустың жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін. Асқар Мамин оның алдын-алу үшін - барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралардың кешенін іске асыру қажет деді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
18:47, 27 қыркүйек 2020
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ МАҢ...
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
18:44, 27 қыркүйек 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
18:27, 27 қыркүйек 2020
ЕЛБАСЫ МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар