ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» атты конференция

09:55, 23 қараша 2021

«Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент». Бүгін Елордада осындай атаумен Тұңғыш Президент күніне арналған халықаралық конференция өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараға Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Словакия парламенттерінің басшылары және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Қазақстан тауелсіздігінің 30 жылдығы – тарихи белес. Еліміз егемдік алғаннан бері талай қиындықты еңсеріп, толағай табысқа қол жеткізді. Әрбір жеңіс тікелей Елбасының атымен байланысты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы:

Биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Қазақстан Парламентінің құрылғанына да 25 жыл толды. Парламент осы жылдар ішінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды бастамаларын заң деңгейінде қолдап, барлық реформаларды қажетті, сапалы заңдармен қамтамасыз етті. Бұл жұмыс қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін орындау мақсатында тиімді жалғасып келеді. Бүгінде Парламенттен шыққан әрбір құжат халқымыздың, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуының заңнамалық тірегіне айналды деуге болады.

Шетелдік меймандар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті қалыптастырудағы ерен еңбектерін айтты. Қазақстанда саяси жүйені жетілдіру және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Сюрейя Бильгич, Түркия парламентінің вице спикері:

Қазақстан қазір саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Экономикасы қарқынды дамуда. Осының барлығы Елбасының көреген саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Екі елдің Парламент өкілдері ретінде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді дамытамыз.

Мариан Кери, Словакия парламенті комитетінің төрағасы:

Нұрсұлтан Назарбаев ертеңгі күнді ғана емес, 10 және 20 жыл алдағы болашаққа көз жүгірткен тұлға. Әлемде мұндай келешекке қарайтын саясаткерлер аз. Мысалы, демократияға қатысты жасаған қарышты қадамдар - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі.

Форум аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірнеше кездесу өткізіп, басқа елден келген әріптесімен парламентаралық ынтымақты дамыту мәселелерін талқылады.

Тақырып бойынша материалдар

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
20:17, 29 желтоқсан 2021
Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
Толығырақ...
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
20:27, 23 желтоқсан 2021
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...