ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЧЕК БЕРМЕГЕН КӘСІПКЕРГЕ QR-КОД АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ

20:48, 9 сәуір 2021

Елімізде кейбір кәсіпкерлер кассалық тәртіпті сақтамай, тұтынушыларға фискалды чек беруден жалтарып келеді. Ақпанда қаржы министрлігі жағдайды біржақты ету үшін бизнес өкілдерін тексеруге жарияланған мораторийге өзгеріс енгізуді ұсынған болатын. Бірақ ол қолдау таппады. Енді мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкердің QR-коды арқылы кассалық жұмысына бақылау жүргізбекші.

Күнделікті тіршілікте фискальді чекке мән бермейміз. Бірақ оны талап ету – әр азаматтың құқығы. Сол арқылы салық мәдениеті қалыпасады. Десек те, мемлекеттік кірістер органдарына 2019-жылдан бері чекке қатысты тұтынушылардан 17 мыңнан астам шағым түскен.

Касса чегін бермеу ең алдымен кәсіпкерге тиімді. Табыс жасырылады. Салық төленбейді. Экономистер мұндай кезде көлеңкелі экономиканың үлесі артады деп отыр.

Сапарбай Жұбаев экономист:

Өкінішке орай, қазір Қазақстанда көлеңкелі экономика 25 пайыздан асып тұр. 1/4 Ішкі жалпы өніміміз ешқандай есепте жоқ. Өркентетті елдерде, барлық жерлерде кез келген кәсіпкердің табысы есептелуі керек.

Комитет қазір «Визуалды бақылау» жобасын іске қосты. Оның аясында кәсіпкер сайт арқылы QR-код алады. Онда касса аппараты, бизнес өкілінің сәйкестендіру нөмірі сынды барлық мәлімет сақталады. Тұтынушы тек қана чекке қатысты емес, сонымен қатар кәсіпкер банк картасын қабылдамаса немесе алкоголь өніміне лицензиясы болмаса да шағымдана алады. Ол үшін «Wipon» мобильді қосымшасын жүктеп алса жеткілікті.

Айнұр Сартаева, мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары

Жеке адамдардан келіп түскен шағымдар Мемлекеттік кірістер органдарымен 3 күн қаралады. Ол шағымға фактіні растайтын тиісті бейнежазбалар қоса тіркелуі қажет. МКК сайтында визуалды бақылау тағайындалғаны жөнінде ақпарат орналастырылады.

Егер чек бермеу фактісі бірінші рет тіркелсе кәсіпкерге ескерту жасалады. Заң бұзушылық 1 жыл ішінде қайталанса 15-тен 50 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салынады. Мұндай бақылау салықтық тексеруге жатпайды. Жоба аясындағы шаралар мораторий аяқталғанда, яғни 2023-жылы тоқтатылады.

Тақырып бойынша материалдар

СЕНАТ ЕАЭО АЯСЫНДА АРМЕНИЯНЫҢ САУДА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
21:12, 13 мамыр 2021
СЕНАТ ЕАЭО АЯСЫНДА АРМЕНИЯНЫҢ САУДА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗАҢДЫ Қ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСТІ
21:06, 13 мамыр 2021
ПРЕЗИДЕНТ БІРҚАТАР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ТІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...