ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БУКМЕКЕРЛІК НЫСАНДАР БУРАБАЙ МЕН ҚАПШАҒАЙҒА КӨШІРІЛЕДІ

10:13, 14 мамыр 2020

Қазақстан қалаларында букмекерлік нысандардың жұмысына тыйым салынады. Барлық кеңселер енді Бурабай мен Қапшағайда шоғырланады. Осындай нормасы бар заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған құжатқа депутаттар 159 өзгеріс енгізген. Сонымен талқыға түскен заң жобасы нені өзгертеді? Құмар ойынға салынғандардың санын азайтуға септігін тигізеді ме?

Қазақстанда 350 мыңдай ойынқұмар адам бар екен. Оның басым бөлігі жасөспірімдер. Денсаулық сақтау министрлігі құмарлықтың құлқынына түсіп кеткендерге «Лудомания» деген диагноз да қойды. Ең сорақысы елде ажырасқан 10 отбасының жетеуіне осы құмар ойын себеп болған. Сондықтан, ойын бизнесіне үлкен шектеулер енгізу жобасы әзірленіп жатыр.

Айгүл Шайымова, ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары

Бизнестің бұл түрін қазір құмар ойындар орналастырылған аймақтарға көшіру ұсынылып отыр. Кәсіп түрі ретінде оған тыйым салынбайды.

Ел арасында букмекерлерді Бурабай мен Қапшағайға көшіру экономикаға ауыр тиеді, салық едәуір қысқарады деген болжамдар да айтылған. Қаржы министрлігі мұндай ақпаратты жоққа шығарды.

Қанат Байеділов, қаржы министрінің орынбасары:

Букмекерлік нысандардың белгілі аймақтарға көшірілуі экономикаға кері әсер етпейді. Керісінше ол жерде электронды кассалар көбейеді. Яғни бізге түсетін салық еселеп өседі. Біз енді ойын бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлер мен ойыншылардың арасында қандай, қанша ақша жүріп жатқанын толық көреміз.

Кеңселер көшірілгенмен бәсті онлайн тігетіндерді тыю мүмкін емес. Сондықтан министрлік арнайы орталық құруды қолға алмақ.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:

Ставкаларды есепке алу орталығын құру ұсынылып отыр. Бұл ретте онда букмекерлік кеңселерге қолма қол немесе электронды төлем жүйелері арқылы түсетін барлық төлемдер ескерілетін болады.

Бәс тігетіндер туралы барлық ақпарат та осы орталықта жинақталады. Кімнің қанша ақша салып, қанша ұтқаны да көрініп тұрады. Букмекерлік компаниялардың айналымында жүрген барлық ақша жарыққа шығады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы:

Бұл әкімшілендіру жұмыстарынан мемлекет бюджетіне төленетін салық өседі. Ставканы есептеу орталығы ашылады. Қаржының көлеңікелі айналымға кетуі тыйылады. Қаржы министрлігі мұны растап отыр. Елімізде бизнестің бұл түрі жабылып жатқан жоқ. Біз оны реттеп халықаралық нормаларға сәйкестендіріп жатырмыз.

Енді елімізде тек спорттық оқиғаларға ғана ставка қабылданады. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Тақырып бойынша материалдар

КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
21:34, 3 тамыз 2020
КВИ МЕН ПНЕВМОНИЯ СТАТИСТИКАСЫ БІРІКТІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар