ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды

20:17, 29 желтоқсан 2021

Қазақстанда әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі өзгереді.

Жаңа заң жобасында қайтыс болған әскери қызметшінің, арнаулы орган қызметкерінің отбасы мүшесіне қызметтік баспананы жекешелендіру, ақшалай өтемақы алу, айырбастау құқығын беру нормасы бар. Бұдан бөлек қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша немесе өтеусіз жекешелендіруге мүмкіндік берілмек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы және басқа да бірқатар заң жобасы қаралды. Жиын соңында спикер Нұрлан Нығматулин палатаның биылғы сессияда атқарған жұмысқа қорытынды жасады. Жыл басынан бері депутаттар 80 заң жобасын қараған. Олардың 39-ы мақұлданып, Сенатқа жіберілген. 25 заңға Мемлекет басшысы қол қойды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы:

Біз қабылдаған әрбір құжат – ең алдымен еліміздің экономикасын арттыруға, халықтың әлеуметтік жағдайын, соның ішінде өнеркәсіп, денсаулық, білім салаларын жақсартуға арналып келеді. Сонымен бірге, шағын және орта бизнес, экология мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Осының бәрі Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
20:27, 23 желтоқсан 2021
23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді
Толығырақ...
22.12.1991 жыл: ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі
10:36, 23 желтоқсан 2021
22.12.1991 жыл: ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...