ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БАҚҰЛ БОЛ, БЕЙСЕН!

11:46, 19 мамыр 2020

Қазақ журналистикасы қарымды қалам иесі Бейсен Құранбектен айырылып қалды. Қара жамылған отбасы мен жақын туыстарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. «Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтың алғысын алды", - делінген жедел хатта.

Бейсен Абайұлы, 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастады. Ал, қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-2017 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. Талант иесін ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. «Ертіс» телеарнасының ұжымы әріптесіміз Бейсен Абайұлының отбасы мен ет жақын туыс туғандарына қайғыра көңіл айтады. Бақұл болыңыз Бейсен Абайұлы, жұмақтан орын тиюге нәсіп етсін!

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРЕЯДА СОТТАЛҒАН ОТАНДАСТАР ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН
20:22, 20 қаңтар 2021
КОРЕЯДА СОТТАЛҒАН ОТАНДАСТАР ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
20:16, 20 қаңтар 2021
ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
20:14, 20 қаңтар 2021
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
22:34, 18 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
22:05, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
21:52, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА...
Толығырақ...