
2010 жылы Еуразия қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінде көтерілген мәселелер әлі де өзектілігін жоймай тұр. Халықаралық ұйым өткізген онлайн конференцияға қатысушылар осылай деп мәлімдеді.
Қазақстан ұйымға төрағалық еткен жылдары таяу шығыстағы қақтығыстарды тоқтату мен таулы қарабахтағы мәселелерді шешудің алғышарты жасалды. Әлемдегі ең ірі ұйымдардың біріне төрағалық ету Қазақстанның ғана емес Орталық азия елдерінің абыройын жаһан жұртының алдында көтеріп тастады. Бүгінде көптеген халықаралық мәселе Астана саммитінде қабылданған келісімдер негізінде шешімін тауып жатыр.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР сыртқы істер министрі:
Еуропадағы, Азиядағы көптеген мәселлеп бар. Әрине оның шешілуіне талай әлі уақыт керек. Бірақ ең бастысы мына біздің Астана саммиті осы үрдіске жақсы бастама болып, процесске дұрыс бағыт бергені ең бастысы болып табылады.