ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АШТЫҚ ЗАРДАПТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ

14:56, 17 ақпан 2021

20 ғасырдың бас кезіндегі ашаршылық қазір қайта зерттеуді талап етеді. Парламент Сенаты ұйымдастырған «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбындағы дөңгелек үстелде осы мәселе көтерілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында 1921-22 жылдардағы ашыршылықты жан-жақты зерттеу қажеттігін айтққан.

Зұлматты жылдары Қазақстанмен қоса, Украина, Беларусь, Молдова, Ресейдің бірнеше аймағы, оның ішінде Еділ бойы, Солтүстік Кавказ халқы аштыққа ұшырады. Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, 30-жылдардағы аштықта Кеңес Одағында жеті миллионнан астам адам көз жұмған. Сондықтан бұл бір ұлттқа ғана жасалған қастандық емес. Бұл – ең алдымен, сол кездегі билік жүйесінің қате саясатының ауыр салдары ауыр салдары деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Дөңгелек үстелге қатысушылар елдегі барлық мұрағаттардағы құжаттарды қайта зерттеп, көршілес елдердің де архивтерімен тығыз жұмыс істеу керек екендігін айтты.

Еркін Әбіл мемлекеттік тарих институтының директоры:
Әлеуметтік желілерде интернетте осы мәселені көп көтеріп жүр. Бірақ, көбі маман емес. Сосын бұл мәселені көп саясиландырып жібереді. Сондықтан академиялық, бүкіл эмоцияны қалдырып, деректерге сүйеніп, шынайы зерттеу өткізу керек.

Тақырып бойынша материалдар

АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ОТЫР
22:19, 25 ақпан 2021
АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМА...
Толығырақ...
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ
22:17, 25 ақпан 2021
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...