ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ОТЫР

22:19, 25 ақпан 2021

Ашаршылық тақырыбын терең зерделеп, тарихты түгендеу аса маңызды. Бірақ, фактілерге жүгініп, нақты тұжырым жасау үшін ғалымдар мұрағаттағы материалдарға қол жеткізе алмай отыр.

Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында көтерді. Қазір тарихшылар көптеген мәліметтерді нақты дәйек болмағаннан кейін, шамалап айтуға мәжбүр. Сенатор мұрағат материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуді сұрады. Қажет болған жағдайда олардан "құпия" деген белгілерді алып тастау да маңызды дейді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР парламенті сенатының депутаты:
Ашаршылыққа қатысты көптеген құжаттар ҰҚК, Прокуратура, ІІМ архивтерінде сақталуда. Ал оған зерттеушілердің кіруі қиын. Зерттеуші ғалымдардың Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің, оның ішінде Москва, Омбы, Орынбор, Томск, Уфа, Қазан, Түмен қалаларындағы архивтердегі материалдарды зерттеу жұмыстарына мүмкіндіктер жасалса.

Сенатор жыл сайын 31-мамырда мемлекеттік деңгейде бір минуттық аза тұту шарасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін пысықтауды да сұрады. Сонымен қатар, ашаршылық нәубетінің 100 жылдығы тұсында елордада «Аза сарайы» немесе «Қазақ қасіретіне тағзым» мемориалдық кешенін салуды ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕК БЕРМЕГЕН КӘСІПКЕРГЕ QR-КОД АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ
20:48, 9 сәуір 2021
ЧЕК БЕРМЕГЕН КӘСІПКЕРГЕ QR-КОД АРҚЫЛЫ ШАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА ТҮРКИЯДА ҚҰЙЫЛАДЫ
20:46, 9 сәуір 2021
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА ТҮРКИЯДА ҚҰЙЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕЛДЕГІ ЖОЛ САПАСЫН СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 9 сәуір 2021
ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕЛДЕГІ ЖОЛ САПАСЫН СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...