
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті.
«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев президентке отандық аналитикалық орталықтарды дамыту, жаһандық компаниялардан инвестиция тарту, сондай-ақ, ақша-кредит саясатын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын айтты. Ал Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен кездесуде қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы дамыту мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық масс-медиа контентінің сапасын арттырып, қазақтілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту қажеттігін айтты.