ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

3 ҚАЛАДА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

09:52, 27 наурыз 2020

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейді. Бүгін Президент жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Соған сәйкес, 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу, Халық көп жиналатын орындарды жабу атап айтқанда саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және тағы басқа орындар,  Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу, Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу, Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. Бұдан бөлек, Шымкент қаласында әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі. Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі. Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесіп шектеу шараларын енгізу бойынша тиісті актіні қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, Премьер-министрдің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасын тұрақтандыру, көктемгі каникулдан кейін мектеп оқушыларының қашықтан оқуын ұйымдастыру және  шетелде қалып орала алмай отырған азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін қарастырды.

Тақырып бойынша материалдар

8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
12:22, 26 мамыр 2020
8 АЙМАҚТА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ АПТАЛЫҚ ӨСІМІ 7% АСҚАН
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
12:02, 26 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
15:38, 22 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТТІК ҚОЛДАУ: 15000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕ БАСТАЙДЫ
Толығырақ...
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
10:23, 25 мамыр 2020
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫНА» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ
Толығырақ...