ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

276 ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР

21:15, 23 ақпан 2021

Елімізде 300-ге жуық елді мекенді су басуы мүмкін. Үкімет отырысында көктемгі тасқынға дайындық туралы баяндаған Төтенше жағдайлар министрі осындай қауіптің барын айтты.

Юрий Ильин, ҚР төтенше жағдайлар министрі:
Су басу қауіпі бар аймақтарда 270 мыңнан астам адам тұрады.  Оларды су тасқынынан қорғау үшін 2023 жылға дейінгі жаңа Жол картасы бекітілді. Оны іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 160 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша  жер-жерде тасқынға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. 40 мыңға жуық құтқарушы, 13 мыңдай техника, су сору құрылғылары дайын. Ауыл-аймақтарда қар шығару жұмыстары қызып, өзен-көлдердің маңына бөгеттер салынып жатыр. Шұғыл шаралар үшін резервтен 38 миллиард теңге алдын ала қарастырылған. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрі  41 су қоймасы апатты жағдайда дейді. Оның 11 жөнделген, 10-ы биыл қалыпқа келтірілмек. Биыл қардың мөлшері орташа көрсеткіштен әлдеқайда аз. Десе де күннің күрт жылынуы мен жауын-шашын жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

Қар жамылғысының аздығына қарамастан алдағы күндерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік шығысында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол өз кезегінде еріген қардың суымен қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін. Қазгидромет Наурыздан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынады. Әрі су басу қаупінің пайда болуы туралы алдын ала хабарлап отырмақ.

Тақырып бойынша материалдар

АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ОТЫР
22:19, 25 ақпан 2021
АШАРШЫЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҒАЛЫМДАР МҰРАҒАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛМА...
Толығырақ...
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ
22:17, 25 ақпан 2021
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЕКІЖАҚТЫ ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «KAZSAT-2R» ЖОБАСЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
19:50, 19 ақпан 2021
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «KAZSAT-2R» ЖОБАСЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛД...
Толығырақ...