ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

23.12.1991 жыл: Ясир Арафат Қазақстанға келді

20:27, 23 желтоқсан 2021

1991 жыл, 23 желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткеніне 7 күн болды. Осы күні Украина Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. Осыған орай Украина Президенті Леонид Кравчук Нұрсұлтан Назарбаевқа жедел хат жолдады. Сонымен қатар, Палестинаны Азат ету Ұйымының Төрағасы Ясир Арафат Қазақстанға келді.

Азия елдерін аралап жүрген мейманды Алматыда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Кездесу барысында екі жақты саяси-экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға байланысты проблемалар сөз болды.

Төлеутай Сүлейменов, 1991-1994 жж. ҚР сыртқы істер министрі:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы, Тұңғыш Президент ол кісі жауды жолдас қылып алады. Елу мемлекетке бардық Бәрімен жолдас. Бір Президент болсын, Премьер болсын қарсы шыққан жоқ біздің Президентке. Қазақстанға. Ол не? Татулық!

Қырымбек Көшербаев, ҚР мемлекеттік хатшысы:

Ол Алла Тағаланың берген қабілеті, қасиеті. Осындай тұлғаның өзінің бір  деңгейі. Елді ұйымдастырып, осындай мемлекет жасау. Соның бәрі Елбасының халыққа деген сенімі, халықтың Елбасына деген үлкен құрметі мен сенімі.

 

23.12.1991 жыл: Татулық - тұрақтылық кепілі

Шынымен де, 30 жылды парақтайтын болсақ, Тұңғыш Президентіміз жасампаз да, қуатты мемлекетті қалыптастыруға өлшеусіз еңбек сіңірді.

Нұрлан Оразалин, 1990-1994 жж. ҚР жоғарғы кеңесінің депутаты:

Кез келген мемлекеттің өзінің тарихына көз салған кезде қандай тұлға басқарды, ол не істей алды дейтін тарихтың үлкен бағасы болады. Осы тұрғыдан алған кезде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дейтін қазақтың бірінші Президенті, Тұңғыш Президенті Мемлекет құру деген үлкен міндетті адал атқарғанын бүгінгі ұрпақ білу керек.

 

23.12.1991 жыл: «ҚР мемлекеттік статистика туралы» заң талқыланды

Осы күні Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы» заң жобасын қарауға кірісті. Аталған заң екі-үш аптадан кейін 1992 жылы қаңтарда қабылданды.

Әсем Алданғарқызы, ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының өкілі:

Жұмыстар атқарылды. Өзгерістер болды. Мысалы, ең негізгілеріне тоқтала кетсек, елімізді үш Ұлттық халық санағын жүргіздік. 2006-2007 жылдары Қазақстанда алғашқы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілген болатын.

Мемлекеттік статистиканы дамыту барысында деректерді өңдеу үрдісін жаңғырту, жаңа замануаи технологияларды енгізу, персоналдарды қайта оқыту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша кешенді жұмыстар атқарылды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
20:17, 29 желтоқсан 2021
Биыл мәжілісте 80 заң жобасы қаралды
Толығырақ...
22.12.1991 жыл: ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі
10:36, 23 желтоқсан 2021
22.12.1991 жыл: ТМД – жаңа мүмкіндіктер кеңістігі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...