ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛҚЫ ІЗДЕУГЕ ШЫҒЫП, АДАСЫП КЕТКЕН

19:31, 11 қаңтар 2021

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өткен демалыс күндері із-түссіз жоғалып кеткен бір адамды іздеп тапты. Қар құрсауында қалған адамдар да құтқарылды.

9 қаңтар күні Тереңкөл ауданында мал іздеймін деп, үйінен шығып кеткен 1977 жылғы ер адам жоғалып кеткен. Ауылға оралмаған жылқысын іздеуге кеткен ол атқа мініп, малдың әдетте жайылатын жеріне қарай бет алған. Үйдегілері ер адамның жоғалып кеткендігін айтып, тиісті мекемеге хабарласыпты. Сол күні 4 сағат іздеуден кейін ер адам табылды.

Айдын Қажыбеков, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Төтенше жағдайлар мамандарымен, полиция қызметкерлерімен бірге Тереңкөл-Ивановка автожолында 13-шақырымында табылды. Азамат мал іздеуге шығып, мінген атынан құлап, жоғалып кеткен. Қазіргі жағдайда, жағдайы жақсы.

 

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АДАМДАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Бұдан бөлек, 10 қаңтар күні Екібастұз ауылды аймағындағы тас жолда бір авто көлік қар құрсауында қалған. Көлікте барлығы 4 адам болған. Зардап шеккендер жоқ.

Айдын Қажыбеков, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Таңғы сағат 7-ден жиырма кеткенде, Екібастұз қаласы Шідерді ауылынан 15 шақырым жерде сегізінші сорғы аумағында автокөлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД мамандары, яғни 2 маман және 1 ТРЭКОЛ техникасы көмегімен, 2 адам Шідерті ауылына жеткізілді. Қалған екі адам көлікте қалды.

Төтенше жағдай Департаменті мамандары өңірде алдағы уақытта бұрқасын қар жауып, көктайғақ күтілетіндігін айтып отыр. Жел күшейіп, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан төтеншеліктер тұрғындарға барынша абай болуға шақырады.

 

Мөлдір ҚҰРЫМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...