ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨРТТЕН 4 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

13:29, 28 қаңтар 2021

Биыл тілсіз жау салдарынан 4 адам қайтыс болған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте айтылды. Сондай –ақ, жиын барысында жыл басынан бері 40 тан астам өрт тіркелгені мәлім болды. Толығырақ алдағы материалда.

Қыста өрттің шығуы жиілей түседі. Мамандар бұны ауа темпратурасының күрт төмендеуімен байланыстырады. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан шығады дейді құтқарушылар.

Алексей Двинянин, ТЖД  бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі:

Өрттің негізгі себебі жылыту маусымында пештердің дайындығы дұрыс болмауы. Электр сымдарынының қысқа тұйықталуы. Пеш мұржаларының тазаланбауы.

Жыл басынан бері 44 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстарғанда екі есе көп. Тілсіз жау 4 адамның өмірін жалмаған. Осы жылдың 22 қаңтарында Ақсу қаласында саманнан салынған 3 бөлмелі  үй жанып, үйдің иесі жан сақтау бөліміне жеткізілген еді.  90-95 пайыз денесін күйік шалған азамат, өкінішке қарай  есін жимастан аурухана төсегінде  қайтыс болған. Осындай қайғылы оқиғаның алдын алу үшін құтқарушылар түсіндірме жұмыстарын жыл сайын жүргізеді.

Алексей Двинянин, ТЖД  бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі:

Өткен жылдан бері әлеуметтік аз қамтылған 2000 отбасына насихаттау мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. 8000 нан аса адамды нұсқаулықтармен таныстырдық. Өрт қауіпсіздігі жайлы арнайы парақшалар үлестірілді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлеріне арнайы датчиктер беріліп, жылыту кезеңі қарсаңында 346 улы газ датчигі, 80 үйде  от алдыру алдындағы металл табақтар орнатылған. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлер тұратын 654 үйде түтін мұржалары тазаланды. Сала мамандары улы газ таралғаны жайлы белгі беретін құрылғының дер кезінде іске қосылуынының арқасында бірнеше қайғылы оқиғаның алдын алғанын жеткізді.  

 

Гауһар МҰСА

 

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...