ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ БЕРГЕН

11:55, 2 шілде 2020

«Пәтерге бомба қойылған», деп жалған ақпарат берген 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Ойнаймын деп от көсеген бала енді қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Оқиға кеше кешкісін Дачный шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 289 үйде тұратын әйелге белгісіз біреу қоңырау шалып, пәтеріне бомба қойылғанын айтқан. Қорқып кеткен тұрғын тиісті органдарға хабар беріпті. Оқиға орнына облыстық ТЖД-ің өрт сөндіру қызметі мен жедел-құтқару жасағының күштері, полиция депаратментінің, апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем қызметкерлері жиналған. 30 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 10-ы бала. Пәтерден де үйден де ешқандай жарылғыш зат табылмады. Бүгін жалған ақпарат берген 15 жастағы жасөспірім қолға түсті. Ол өз әрекетін «қалжыңдағанмын» деп түсіндіріпті. Белгілі болғандай жасөспірім өзінің мұғаліміне қорқытып қоңырау соғыпты. Енді, ол және оның ата анасы заң алдында жауап беретін болады.    

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...