ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ТӨБЕЛЕС

14:05, 16 шілде 2020

Павлодарда жасөсіпірімді аяусыз ұрып-соққан күдіктілер ұсталды. Оқиға 7 шілдеде қала сыртында орын алған. Қатыгез төбелеске қатысушылардың бірі қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Басына секіріп, итше тепкілеген. Санаулы уақытта әлеуметтік желілерде тарап кеткен мына видеода жантүршігерлік төбелес бейнеленген. Жасөспірім жерде жатқан баланы сабап, тіпті басына секірген. Кадр сыртында да бір топ бала араша түсудің орнына, өлтір деп айқайлағаны жаға ұстатты. Бұл төбелеске қатысушылардың жеке тұлғаларын полиция анықтады. 18-19 жастағы бозбалалар.

Фархат Омаров, облыстық ПД бастығының орынбасары:

Төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтадық. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бейнежазбаны түсірген адамдарға қатысты ҚР ҚК 313 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аяулым Рахмжанова, тілші:

Оқиға Малайсары көшесіндегі зират маңайында орын алған. Бір топ бала осы жерге жиналыпты. Дәл мен тұрған жерде 19 жастағы жасөспірім жәбірленушіні соққыға шыққан.

Жәбірленуші полицияға шағымданбапты. Медициналық көмекке де жүгінбеген. Бұндай жасөспірімдердің қатыгез әрекетіне психолог маман былай дейді.

Арай Бейсенбайқызы, психолог:

Не себепті бұл бала сондай әрекетке барды? Бұл баланың сондай қатыгездікке бармауы да мүмкін болған шығар. Жандарында жолдастары тұрды ғой. Ұр, секір деп айтып тұр ғой. Әлгі жігіттердің «давления» дейді ғой.

Аяусыз ұрған баланың үстіне «Адам өлтірмек болды» деген айып тағылып, іс қозғалды.  19 жастағы облыс тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 17 жастағы баланың кәмелет жасқа толмағаны ескеріліп, облыс аумағынан шықпау туралы қолхат алынды. Сыртта тұрып қолдау көрсеткен бозбалалар да жауапқа тартылады.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...