ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА КӨПІР МАҢЫНДА ӨРТ БОЛДЫ

11:13, 5 мамыр 2021

Өткен демалыс күндері аймақта 20-дан аса өрт жағдайы тіркелді. Олардың басым бөлігі орманды аумақ пен саяжайларда болды. Аталмыш оқыс оқиғалар тұрғындардың отқа салғырт қарауынан дейді төтеншеліктер.

Өткен аптаның соңында Заря ауылдық округінде  Павлодар - Ақсу көпірінің жанында құрғақ шөп өртенген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Ренат Валишанов, ТЖБ бастығы:

Жалпы аумағы 45 гектар аумақтар құрғақ шөппен қамыстың жанғаны анықталды.    Өртті сөндіруге  жеке құрамнан  24 адам  мен 6 техника, сондай-ақ Заря кентіндегі өрт сөндіру  бекеті мен ерікті өрт сөндіру құрамынан 8 адам  және екі  техника жұмылдырылды.

 

САЯЖАЙЛАРДАҒЫ ӨРТ ТОҚТАМАЙ ТҰР

Сонымен қатар, көктем келе саяжайлардағы өрт жағдайлары да көбейіп кетті. Төтеншеліктер бұл тұрғындардың қоқыс жағуынан, отты дұрыс пайдаланбауынан деп отыр. Осылайша Павлодарда 40-тан астам саяжай отқа оранды.

Оразбек Уәлиханов, ТЖД  басқармасының бас маманы:

Павлодар қаласының аумағында саяжайларда 14 өртену жағдайы тіркелді. Жалпы аумағы 1239 шаршы метр жерде құрғақ шөптің жанғаны анықталды. 30 гектар аумақта қамыс пен құрғақ шөп жанып кетті. Саяжайдағы өртену жағдайлары бойынша 40 хабарлама келіп түсті.

Жалпы, облыс бойынша соңғы 3 күн ішінде 25 ірі өрт тіркелді. Олардың 5-еуі саяжайда, 7 жағдай орманды аумақтарда болды. Қалған 13 жағдай жеке тұрғын үй секторында анықталды.

Қайрат Шаймерденов, ТЖД басқарма бастығы:

Тереңкөл, Павлодар, Железин, Баянауыал  аудандарында өрт орын алды. Қазір аудандарда өрттің себеп салдары анықталып жатыр. Демалыс күндері 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

 

ПӘТЕР ОТҚА ОРАНДЫ

Сондай-ақ, департаментке Мир көшесі 21 мекенжайында пәтерде өрт басталды деген хабарлама келіп түскен. Өрт шыққан үйден 17 адам құтқарылды.  Келтірілген шығын көлемі мен өрттің себебі  анықталуда.

Ренат Валишанов, ТЖБ бастығы:

Үй қылт масында ағаш құрылымдар мен жатын бөлмеде үй заттары жанған. Жалпы аумағы 14 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 4  техника мен 16 адам жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.   

Осы ретте төтеншеліктер бұндай жағдайларды болдырмау үшін, тұрғындарға отпен барынша абай болу керектігін ескертеді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ МҮЛКІН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
12:27, 30 сәуір 2021
2 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ МҮЛКІН ЖЫМҚЫРҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
20:50, 14 мамыр 2021
ҰСТАЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...