ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨРТТЕН ПӘТЕР ИЕСІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

22:22, 29 қаңтар 2021

2021 жылғы 27 қаңтарда 01 сағат 10 минутта Успен ауданының №17 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Успен ауылының Милевск көшесіндегі тұрғын үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін жеке тұрған екі бөлмелі саманнан жасалған үйде жиһаз, үй заттары, ағаш терезелер, есіктер және жалпы 40 шаршы метрде жартылай ағаш шатыр құрылымдары жанып жатқаны анықталды.

Кезекші қарауыл келгенге дейін көршісі 1966 жылы туған ер адамды далаға шығарды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды Успен аудандық ауруханасына жеңіл дәрежедегі жану өнімдерімен улану диагнозымен жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Айта кету керек, зардап шеккен адам мас күйінде болған. Сонымен қатар, үйден сыйымдылығы 27 л 1 газ баллонын эвакуациялап, мамандар газ баллоны жарылуының алдын алды.  Өрт 02 сағат 48 минутта ауыздықталған. Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 4 адам және 2 бірлік техника жұмыс істеді. Қызыл жалын, үй иесі төсекте жатып, мас күйінде темекі шеккендіктен болған. Осыған байланысты төтеншеліктер құтқарушылардың ескертулерін назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...