ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨРТТЕН БІР АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

20:03, 1 шілде 2020

Қамзин көшесі 168 мекенжайындағы тұрғын үйден шыққан өрттен 56 жастағы әйел адам зардап шекті. Оны үшінші дәрежелі күйік шалған. Сондай-ақ, тағы 14 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Өрт туралы мәлімет 29 маусым күні кешкі сағат 17 сағат 32 минутта 101-не түскен. Оқиға орнына жеке құрамның 18 маманы мен бес өрт сөндіруші көлік жіберілген. Құтқарушылар үйдің дәлізінен шыққан тілсіз жаумен бір сағат арпалысты.

Қазбек Бейсекеев, №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

Келген уақытта бірінші подъезде дәлізде үй заттарының, жиһаздың 15 шаршы метр аумақта жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру барысында бір адам құтқарылды 1964 жылғы туылған, №1 ауруханаға жіберілді. Беттің және мойынның 17 пайызына күйік шалғаны анықталды.

Тағы 14 тұрғын өрт сөндірушілердің көмегімен қауіпсіз жерге шығарылды. Кешкі алты жарымда тілсіз жау толық ауыздықталды. Айта кетейік, бұл ретте төтенше жағдайлықтар облыста бір тәулікте 5 өрттің және 3 тұтану жағдайынының тіркелгенін хабарлады. Сондықтан, тілсіз жаумен барынша абай болуға шақырады.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...