
Бүгін таңертең көп қабатты тұрғын үйдің бірінде өрт оқиғасы орын алды. 5 бөлмелі үйдегі өрт тоқтың тұйықталуынан шыққан. Үйдегі жиһаздар мен киім кешек жанып кетті.
Қызыл жалыннан ас үй терезесі өртеніп, салдарынан далада тұрған 3 көлікке зардабын тигізді. Өрт сөндіруге 6 техникалық көлік пен 20 адам жұмылдырылды.
Теміржан Таңжанов, Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкері:
Генерал Дүйсенова 18/3 22 пәтерде, 5 бөлмелі үйдің қонақ үй бөлмесінде электр сымының лектр тоғынан тұйықталуынан өрт шықты. Өрттен үйдің жиһаздары, диван өртеніп, және терезенің жарылуы болды. Зардап шеккендер жоқ, барлығы аман.
Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ