ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫ ӨРТЕНДІ

20:19, 3 шілде 2020

«Стройсервис-Арсенал» компаниясының меншігіндегі ғимаратта битумды қыздыру ванналарының бірінде мұнай қалдықтарының қоспасы өртенді. Бұл қауіптілігі жағынан ең жоғары болып саналатын үшінші дәрежелі өрт, деп тіркелді.

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің тоғыз бірлік техникасы мен отыз екі қызметкері қатысты. Өрт сөндірушілерге көмекке «Павлодар мұнай-химия зауытының»  өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді. Өрттің жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрады.

Ербол Теміров, облыстық ТЖД ресми өкілі:

Өрттің қауіптілігіне байланысты оқиға орнында автоцистернаның көбікті генераторы іске қосылды. Өртті сөндіру битум қабылдағыш ғимаратының қабырғалары мен шатыры металл профлистен жасалғандықтан қиынға соқты. Ауар райы да кері әсерін тигізді.  

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды таңғы сағат 4:40-та ауыздықтап, сағат 05:35-те толығымен сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...