ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мал ұрлайтын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

18:36, 14 қыркүйек 2021

Екібастұзда мал ұрлайтын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Әр топ мүшесі белгілі бір жұмысты атқарған, яғни өзіндік рөлі болған. Бірі - ұрылар, екіншісі - сатушылар, тіпті құрамында қажетті құжаттарды жинағандар мен ветеринарлар да бар.

Қылмыстық топ мал ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан. Күдіктілер Екібастұз қаласында ұрлық үстінде ұсталды. «ВАЗ 21099» автокөлігін тексеру кезінде бір сиыр еті, металл электрондық таразы тәркіленді, ал «Audi» көлігінен ветеринарлық анықтама табылды.

Жасқайрат Қайыров, ПД бастығының бірінші орынбасары:

Қаскүнем мынадай схемамен жұмыс істеген: аптасына бір рет демалысқа қарай Екібастұздағы ірі шаруа қожалығынан 2 бас ірі қара мал ұрлап, демалыс күндері қала базарларында және үйінде сойып сатып отырған. Күдіктілер бұған дейін ет өнімдерін сатумен айналысқан, тұрақты клиенттері бар. Сондықтан, қала тұрғындары одан күдіктенбеген.

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полицейлердің айтуынша, ұсталғандар Екібастұз қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің басқа да осы сынды қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...