ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

15:39, 25 қазан 2020

Естеріңізде болса, Әлеуметтік желіде келіншек жүріп жүрген жігітінен таяқ жеп, зорлық көргенін айтқан. Қыздың өзі арызданудан бас тартыпты. Алайда 26 жастағы келіншекті ұрып-соққан жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дүкенге шыққан келіншекті жүріп жүрген жігіті жалдамалы пәтерге алып кетіпті. Жәбір көрген қыз ол жерден қашып шығып, жедел жәрдем шақыртқан көрінеді. Бірақ, жігіт келіншекті жедел-жәрдем көлігінен де алып кеткен.

Дина Смайылова, «Не молчи» ҚҚ жетекшісі:

Келіншек дауыстап көршілерден көмек сұраған екен. Көршілері полиция шақырыпты. Қылмыскер есікті ашпаған соң, оны бұзуға тура келген. Жәбірленуші полицейлерге мұны алдында бірнеше мәрте осылай ұрланғанын және зорлық көргенін айтыпты.

Полицияның сөзіне сенсек, оқиға мүлдем басқаша өрбіген. 26 жастағы келіншек пәтерге өз еркімен барып, полицияға да арызданудан бас тартыпты. Бұл бейнежазба полицияда тіркелген.

Жанар Біләлова, облыстық ПД ресми өкілі:

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 126-шы және 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Сараптама жасалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жәбір көреген келіншек осы жігіттен 7 апта бұрын жүкті болып қалған. Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауда отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қандай жаза тағайындалатынын енді сот анықтайды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
20:23, 15 наурыз 2021
ДҮКЕН ТОНАҒАН КҮДІКТІ ПОЛИЦЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...